Айбек Паяев өз еркімен мәжілістен кетті

0
632

Мәжіліс депутаттары қаулыны қолдап дауыс берді.


Айбек Паяев өз еркімен мәжілістен кетті

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.

Паяев депутаттықтан өз еркімен кету туралы өтініш берген. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы депутаттардың назарына Айбек Паяевтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді.
Мәжіліс депутаттары қаулыны қолдап дауыс берді.
Айбек Паяев өз еркімен мәжілістен кетті Айбек Минаимбекұлы Паяев 1980 жылы 29 ақпанда туған.
Тергеуші-криминалист мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін, сондай-ақ халықаралық экономист мамандығы бойынша "Қайнар" университетінің әлемдік экономика факультетін бітірген.
2021 жылғы қаңтардан бастап – VІІ сайланған мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. "Қазақстан халық партиясының" партиялық тізімі бойынша сайланған. Үйленген, екі баласы бар.