Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды

0
100

Бұған дейін Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылған болатын.


Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Фото:gov.kz

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылған болатын.