Air Astana Астанада ауа райына байланысты рейстердің кешігіп жатқанын ескертті

0
122


Air Astana Астанада ауа райына байланысты рейстердің кешігіп жатқанын ескертті

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 4 қаңтарда Air Astana Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігетіні мен кестедегі өзгерістер туралы мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.


Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі, сондай-ақ кестедегі өзгерістер жалғасып жатыр.

Бұған дейін әуе компаниясы Airbus A320neo тобындағы ұшақтарда орындалатын рейстердің 3-4 қаңтарға қараған түні ұшып шығуға шектеу қойылғандықтан кешіккені туралы хабарлаған болатын.

"Әуекомпаниясы кестені қалпына келтіру үшін барлық шараны қабылдауда, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын іске қосады. Әуежайға барар алдында әуе компанияның сайтында рейсіңіздің мәртебесін тексерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.