"Айыппұл бес есеге өседі": көлік жүргізушілері нені білуі керек

0
2 196

​Биыл Қазақстанда экологиялық нормадан артық газ бен қатты дыбыс шығарытын көліктерге айыппұл көлемі өседі.


ERNUR.KZ. Қазақстанда 2021 жылдың шілде айынан бастап тиісті нормадан артық газ шығаратын және қатты гүрілдеп жүретін көліктердің айыппұлы өседі, деп жазады sputniknews.kz.

Айта кетейік, өткен сенбі, 2 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске экология мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойған болатын. Осы өзгерістер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, ауаны ластайтын заттарды және дыбысты тиісті нормадан артық шығаратын көлік құралдарына ескерту жасалады, я болмаса, айыппұл салынады. Құжатта айыппұлдың көлемі де көрсетілген.

  • жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК немесе 29 170 теңге (қазіргі кезде осы айыппұлдың көлемі 2 АЕК-ті – 5 834 теңгені құрайды);
  • заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК немесе 291 700 теңге.

Бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі екі еселенеді.

  • жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК немесе 58 340 теңге;
  • заңды тұлғалар үшін – 200 АЕК немесе 583 400 теңге.