Үкімет кулуарынжа журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Есмағамбетова ауруханадағы пациенттер көптеген инъекциялар алатынын атап өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматының орталық клникалық ауруханасында науқастардың АИТВ-инфекциясын медициналық персоналдың қателігі салдарынан жұқтырғанын мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.
Үкімет кулуарынжа журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Есмағамбетова ауруханадағы пациенттер көптеген инъекциялар алатынын атап өтті.
"АИТВ-инфекциясының берілу жолдарына қарасақ, парентеральді жолмен берілу медициналық процедуралардың бұзылуымен байланысты. Комиссия нақты қандай процедура аурудың көзі болғанын нақты айта алмайды, өйткені әрбір медицина қызметкерін бақылаушы орган қадағалап тұрған жоқ. Бұдан басқа, тексеру барысында бөлімше басшылығы тарапынан персоналдың стандартты операциялық рәсімдерді, манипуляцияларды сақтауына бақылау болмағаны анықталды. Қызметкерлердің инфекциялық бақылау мәселелері бойынша уақтылы оқытылмағаны анықталды", – деді ол.
Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырғанын 14 маусымда растаған.