Ақмола облысында 195 гектар алқапты шарпыған ірі өрт сөндірілді

0
82

​Екі өрт ошағы толықтай сөндірілді.


Ақмола облысында 195 гектар алқапты шарпыған ірі өрт сөндірілді

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Ерейментау ауданында құрғақ шөптің жануы толықтай ауыздықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері тілсіз жаумен үздіксіз күрес жүргізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жалпы аумағы 195 гектарды құраған екі өрт ошағы толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстарына қатты жел мен жер бедерінің жартасты болуы қиындық туғызды.

Ақмола облысының құтқарушыларына көмекке Астана қаласы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖД бөлімшелері, ТЖМ әскери бөлімінің әскери қызметшілері, орман шаруашылығының қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиациясы жұмылдырылды. Барлығы шамамен 280 адам және 42 бірлік техника тартылды.