Оның көлігі батпаққа батып, әрі қарай қозғала алмай қалған.
Видеодан алынған кадр
ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Шортанды ауданының 1946 жылы туған тұрғыны 26 сәуірде жылқыларды іздеуге шығып, жоғалып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.
ТЖМ ақпаратынша, бірнеше уақыттан кейін ол ауылдасына хабарласып, көлігінің батпаққа батып қалғанын және әрі қарай қозғала алмай отырғанын жеткізген.
Көмекке жедел түрде Шортанды және Ақкөл аудандарының ТЖД құтқарушылары жол талғамайтын техникамен жіберілген.
"Іздеу жұмыстары барысында ер адам Еңбек пен Егемен ауылдарының арасынан табылды. Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетіп, көлігін батпақтан шығарып, үйіне дейін жеткізді", - делінген хабарда.
Министрлік мәліметінше, ер адам медициналық көмек қажет болмаған.


