Қазір су қоймаларында жалпы 670 млн текше метр су жиналды.
Фото: «Қазгидромет» кәсіпорнының облыстық филиалы
ERNUR.KZ. Ақмола облысында көктемгі су тасқынының шарықтау кезеңі аяқталды, деп жазады inform.kz.
Соның нәтижесінде өңірдегі ірі су қоймалары 100%-ға толды. Қазір су қоймаларында жалпы 670 млн текше метр су жиналды.
— Атап айтқанда, Астана су қоймасында 412,82 млн текше метр, Сілетіде 230 млн текше метр, ал Шағалалыда 28 млн текше метр су бар, — делінген хабарламада.
Ақмола облысының ірі өзендері бассейндерінде көктемгі су тасқыны наурыз айының үшінші онкүндігінде басталған болатын.


