Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген автотасмалдаушы аударылып қалған

0
62

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салды.


Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген автотасмалдаушы аударылып қалған

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген автотасмалдаушы жолдан шығып, аударылып қалды. Полиция тергеуді бастады, деп жазады tengrinews.kz.

Ақмола облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 21 қарашада шамамен сағат 12-де Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолының 239-шақырымында болған.

"Алдын ала деректер бойынша, "Ситрак" маркалы автотасмадаушының жүргізушісі Қостанай бағытына қарай жүріп бара жатқан. Ол маневр кезінде рөлге ие бола алмай, жүк көлігі жол жиегіне шығып кетіп, аударылған", — деп хабарлады полиция.

Ведомство мәліметінше, оған сегіз жаңа көлік тиелген. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеген.

"Жүргізуші Алматыдан Қостанайға бара жатқан және автовозбен Қытайда өндірілген жаңа көліктерді тасымалдаған", — деді полицияның баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салды.