68 жастағы ер адам Жарлыкөлге балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған. Оның мәйіті екі метр тереңдіктен табылды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақмола облысында балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған 68 жастағы ер адамның мәйіті көлден табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Зейнеткер Жарлыкөлге балық аулауға кеткен. Кешке үйіне оралмаған соң, туыстары алаңдап, көмекке жүгінген.
Ер адамды іздеуге полицейлер, құтқарушылар және маңайдағы ауылдардың тұрғындары қосылған.
Көл жағасынан шамамен 100 метр қашықтықта жоғалған адамның резеңке қайығы табылған. Оның ішінде етігі мен бас киімі болған.
Сүңгуірлер балықшының мәйітін келесі күні таңертең судың екі метр тереңдігінен тапты.
Белгілі болғандай, ер адам балық аулауға құтқару кеудешесін кимей шыққан.


