Ақсу ауылдық аймағында қойларды талап өлтірген иттің иесіне айыппұл салынды

0
663

Учаскелік полиция инспекторы қойларға шабуыл жасаған ит иелерінің бірін анықтады.


Ақсу ауылдық аймағында қойларды талап өлтірген иттің иесіне айыппұл салынды

Ақсу ауылдық аймағында қойларды талап өлтірген иттің иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 наурызда Ақсу қаласының полициясына Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінде иттердің 12 бас қойды жайратып тастағаны туралы хабарлама түскен. Оның үшеуі – қой, тоғызы – қозы.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ветеринарлық қызметпен бірлесіп, 27 наурыз күні сағат 03.00-ден 04.00-ге дейінгі уақыт аралығында ауыл тұрғыны үйінің аумағында қойларды талаған үш иттің қораға кіргенін анықтады. Жануарлардың иесінен 400 мың теңге көлемінде залал келтіру туралы өтініш түсті.

"Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабы 2-бөлігі бойынша 46 жастағы иесіне қатысты – «жеке тұлғаның мүлкіне зиян келтірген иттерді серуендету ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді, сома 30 мың теңгеден асады. Хаттаманың көшірмесін алғаннан кейін зардап шеккен тарап келтірілген залалды өтеу үшін азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы", - деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде қойларға шабуыл жасалғаны түсірілген видео тарады.