Ақсудағы дүлей дауылдың қорқынышты суреттері мен видеолары тарап жатыр

0
157

​Бір сағат соққан жел жан-жағын жайпап кеткен.


Ақсудағы дүлей дауылдың қорқынышты суреттері мен видеолары тарап жатыр

Фото: https://t.me/tipavlo

ERNUR.KZ. Павлодар облысында дүлей дауыл соғып, ағаштар түбірімен жұлына құлап, адам өлімі тіркелді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бір сағаттай соққан желдің жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жеткен. Өңірде электр жарығы өшіп, адамдар жарақат алып, мүліктер бүлінді.

Қазір жергілікті билік дауылдан келген шығынды есептеп жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желілерге суреттер мен видеолар жүктеген.

Ақсу қаласында көлік ішінде отырған 57 жастағы әйелдің кеудесіне ағаш бұтағы кіріп кетіп, сол жерде қайтыс болды.

«Сағат 17.29 –да шақыру түсті. Құлаған аған әйел адамның кеуде тұсына қадалған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері 1968 жылы туған әйелдің өмірімен үйлеспейтін жарақаттар алғанын және оқиға орнында көз жұмғанын растады», - делінген хабарламада.

Тағы бір видеода балалы әйелдің үстіне ағаш құлап, оларды тұрғындар құтқарып қалған. Павлодарлықтар жүріп бара жатқан көліктің үстіне ағаш құлаған сәтті камераға түсіріп алған. Күшті жел көшеде тұрған жүк көлігін де аударып жіберген.

Тағы бір тұрғынның үйінің шатырына кәрі ағаш құлап кеткен.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта дауылды желден кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 42 бригада – 100-ден астам маман және шамамен 50 арнайы техника жұмылдырылған. Қала бойынша 18 апаттық бригада электр беру желілері, көше жарығы мен бағдаршам нысандарындағы ақауларды жоюмен айналысып жатыр», -деп жазды ол.