Қайғылы оқиға 13 шілдеде демалыс орындарының бірінде болған.
ERNUR.KZ. Ақтаудағы демалыс орындарының бірінде 9 жасар бала бассейн суына батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 13 шілдеде демалыс орындарының бірінде болған.
«102 кезекшісіне сағат 15.12-де қоңырау түсті. Тергеу-жедел тобы шақыртуға шықты. Бала бассейнге батып кеткен, ата-анасы солжерде болған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ведомство аталған дерек қалалық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне «Адам өлімі» бабы бойынша тіркелгенін айтты.
Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.