Ақтауда дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды

0
107

Тыйым оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты енгізілді.


Ақтауда дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды

Фото: wikipedia.org

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында 22-26 шілде аралығында пилотсыз әуе кемелерін, яғни дрондарды ұшыруға уақытша тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, шектеу оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты қабылданған.

Әкімдік Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетінде тіркелмеген және белгіленген тәртіппен есепке қойылмаған дрондарды пайдаланған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Мұндай жағдайда құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабына сәйкес жауапқа тартылып, айыппұл салынады.