Ақтауда оқушы қыздар бір-бірін "талдырып" ойнаған

0
125

Мектеп директоры тәртіптік жауапқа тартылды.


Ақтауда оқушы қыздар бір-бірін

фото: CC0

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Ақтау қаласында мектепте оқушылардың оқыс ойыны қоғамның жағасын ұстатты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 18 сәуірде болған. Бейнежазбада оқушылар мектепте қыздар әжетханасында 7 сынып оқушысын өкпе тұсынан қысып талдырғаны түсірілген.
"Бүгінгі таңда жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысты оқушылардың әрекеті Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралады", - дейді облыстық білім басқармасы.
Ал Ақтау қалалық білім бөлімі мектеп директорын тәртіптік жауапқа тартқан.