1600 шаршы метр аумақ отқа оранған
ERNUR.KZ. Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Ақтауда өнеркәсіп аумағындағы қоймалардың бірінен өрт шықты, деп жазады sputniknews.
Өрт туралы хабар 4 желтоқсанда 02.10-да түскен. Тас төсеуіштері өнеркәсібінің қоймасында шатыр, түпқойма және бос қораптар өртене бастапты.
Бастапқы өрт аумағы 1600 шаршы метр, қойманың жалпы аумағы – 2500 шаршы метр.
Өрт 05:15-те ауыздықталып, 06:19-да толығымен сөндірілді.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне, өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге 41 адам және тоғыз техника жұмылдырылған.