Биыл сәуір айынан бастап есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасы жойылды, 1 фитозертхананың қызметі залалсыздандырылған.
Фото: ҰҚК
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп жазады stan.kz.
Биыл сәуір айынан бастап есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасы жойылды, 1 фитозертхананың қызметі залалсыздандырылған.
Ақтау қаласының әуежайында жалпы салмағы 1 келі 114 апиын капсуласын денесінде өткізуге әрекеттенген шетелдік азамат ұсталды. Ал елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын жеткізген қазақстандық қолға түсті.
Барлығы:
- 3,4 келі апиын;
- 9 келі гашиш;
- 11,4 келі синтетикалық есірткі;
- 18,5 келі гашиш майы;
- 26,4 келі марихуана;
- 110 г кокаин;
- 20 тонна көкнәр сабаны;
- 150 литрден астам прекурсор тәркіленді.


