Ақтауда тұрғындар шұрқ тесік жолдарды өздері жөндеп жүр

0
428

Қала әкімдігі желіде тараған фотоға қатысты пікір білдірді


Ақтауда тұрғындар шұрқ тесік жолдарды өздері жөндеп жүр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы Приозерный кенті тұрғындарының елді мекендердің арасын жалғайтын шұрқ тесік жолдарды жамап жүрген фотолары пайда болды. Кент тұрғындары әкімдіктен көмек күтпестен, жолдың шұңқырға айналған жерлеріне өз көлігімен тас жол төсенділерін әкеліп, жөндеп жүр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ертеңнен бастап Приозерный кентінде жөндеу жұмыстары басталады.

«Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, қаланың орталық автомобиль жолдарына ағымдағы шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп бастады. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Ақтау қаласы 25 шағынауданнан «ҚазФрут» дүкені арқылы Приозерный тұрғын-үй массивіне баратын #6а автомобиль жолына ағымдағы шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жыл басында жоспарға енгізілген. Жөндеу жұмыстары 23 маусымда басталады», - делінген әкімдік жауабында.

Жергілікті порталдың мәліметінше, мұндай жағдай Маңғыстау облысында бірінші рет болып тұрған жоқ. 2019 жылы Басқұдық, Атамекен, Теңге ауылдарының тұрғындары ауыл арасындағы жолдарды өздері жөндеген.