Ақтаудағы түлектердің жол апатына түсуі: дәрігерлер оқушылардың жағдайын айтты

0
585

Жол апатынан зардап шеккендердің бірі комадан шыққан, ол жансақтау бөлімінде жатыр.


Ақтаудағы түлектердің жол апатына түсуі: дәрігерлер оқушылардың жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының маманы Сайөтес ауданындағы тасжолда жол апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, жол апатынан зардап шеккендердің бірі комадан шыққан, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұрын оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған еді, сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Ал жамбас сүйегі жарақаттанған екінші адамның жағдайы тұрақты екені айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда жол апатынан жеті түлек зардап шеккені хабарланған болатын. Кейінірек екі түлек ауыр халде жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері жол апатынан зардап шеккен түлектердің жағдайы туралы айтып берген еді.