Ақтөбе облысында 2644 балаға екпе жасалмаған

0
896

Облыста 86 адам қызылшамен ауырған.


Ақтөбе облысында 2644 балаға екпе жасалмаған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысындағы Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандары мен Ақтөбе қаласы бойынша екпеден бас тартқандар көп, деп жазады Тengrinews.kz.

"Облыста арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Құрамында дәрігерлер мен эпидемиолог мамандар бар. Көбіне діни көзқарастағы адамдар. Сондықтан мешіт, шіркеудің қызметкерлері ата-аналармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Вакцина алмаған балалар арасында жұқпалы дертке шалдыққандар бар. Мәселен, олар қызылшамен ауырды", - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, облыста 86 адам қызылшамен ауырған.

"Қызылша жұқтырған соң ата-аналар екпе алмағанына өкінді. Қазір мүлде екпе алмағандар келіп, вакцина жасатып жатыр", - деді Беркімбаева.

Облыста вакцина алмағандар саны бірқалыпты сақталып тұр. Өсім де, азаю да байқалмайды.