Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

0
95

Қайғылы оқиға 17 наурыз күні Ақтөбе – Атырау тасжолында, Қарауылкелді ауылының маңында болған.


Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

фото: Диапазон

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында бес адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды. Қаза тапқандардың барлығы бір ауылдың тұрғындары болған. Олардың арасында ерлі-зайыпты мен кішкентай немересі де бар, деп жазады ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиға 17 наурыз күні Ақтөбе – Атырау тасжолында, Қарауылкелді ауылының маңында болған. Жолда ВАЗ жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан, деп жазады “Диапазон”. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы дәрігерлер жеткенше оқиға орнында көз жұмған.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандардың бәрі Темір ауданына қарасты Тасқоспа ауылының тұрғындары. Марқұмдардың арасында үйлеріне төрт жастағы немересін алып қайтып келе жатқан егде жастағы ерлі-зайыпты да болған. Бүлдіршін ата-әжесінің үйіне қонаққа барған.

Марқұмдардың жақындарының сөзінше, апаттан Кеңқияқ дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі волейбол жаттықтырушысының ата-анасы мен қызы қаза тапқан.

Жол апатынан бір адам ғана аман қалған. 33 жастағы ер адам қазір Байғанин аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның жағдайы аса ауыр, комада жатыр. Жергілікті дәрігерлерге көмекке санавиация мамандары жіберілген.