Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны іздестіріліп жатыр

0
186

Айтжан Нағашыбай бұған дейін де бірнеше рет қашып кетіп, табылған.


Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны іздестіріліп жатыр

Фото: ІІМ

ERNUR.KZ. Жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін орталықтың тұрғыны Айтжан Нағашыбай 4-ақпан күні қашып кеткен. Содан бері табылмады, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есепте тұрған Айтжан Нағашыбай бұған дейін де бірнеше рет қашып кетіп, табылды. Бұл жолы 4-ақпан күні кешкілік кетіп қалып, содан әлі жоқ.

- 2020 жылдың қазан айынан бастап сот шешімімен Айтжан Нағашыбай №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны. Диагнозы - Ғ20,8 (шизофренияның басқа түрлері-ред.) 2026 жылдың 4 ақпаны күні кешкі сағат 20:00-21:00 аралығында орталықтан өзі қашып кетті. Бұл алтыншы рет қашуы. Қашқан сайын құзыретті органдардың және орталық қызметкелерінің іздестіру шараларының нәтижесінде қайтарылып отырды. Бүгінгі таңда Ақтөбе қалалық криминалдық, участкелік полиция қызметкерлері, орталық қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.