Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсады

0
928

Ер адамның жағдайын түнде мекеме қызметкерлері анықтаған.


Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын өлтірді деген тергеу изоляторындағы күдікті камераның әжетханасында асылып қаза тапты деп жазады Stan.kz.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті күдіктінің тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсағанын растады.

Ер адамның жағдайын түнде мекеме қызметкерлері анықтаған. Кезекші ауысым дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен сотталушыны аман алып қалу мүмкін болмады.

“Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп хабарлады ҚАЖК.

Қазір облыстық департамент қызметкерлерімен ішкі аудит тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданбақ.

Еске салсақ, Ақтөбеде пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттерін табылған болатын. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жасар қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Күдікті 10 сәуірде қамауға алынған болатын.