Ақтоғай – Аягөз бағытындағы пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылады

0
119

Аталған учаскеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Ақтоғай – Аягөз бағытындағы пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылады

Фото: rail-news.kz

ERNUR.KZ. 20 және 22 қазанда Ақтоғай – Аягөз бағытындағы қала маңындағы пойыз қатынасы уақытша тоқтатылады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның Семей магистральдық желі бөлімшесінің мәліметінше, аталған күндері Аягөз – РЗД-22 теміржол учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты пойыздар қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Сондай-ақ 20 және 22 қазан күндеріне аталған бағыт бойынша жол жүру билеттерін сату тоқтатылады.

"Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз", – делінген хабарламада.