Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен ер адамды бір топ жігіт ұрып кеткен (видео)

0
101

Әлеуметтік желіде Алакөл көлінің жағасында ер адам мен әйелдің көпшілік алдында әдепсіз әрекетке барғаны түсірілген бейнежазба тарады.


Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен ер адамды бір топ жігіт ұрып кеткен (видео)

фото: stan.kz.

ERNUR.KZ. Желіде Алакөл жағасында ер адам мен әйелдің жыныстық қатынасқа түскені түсірілген видео тарады. Оларды байқап қалған бір топ жас ер адамды соққыға жыққан, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде Алакөл көлінің жағасында ер адам мен әйелдің көпшілік алдында әдепсіз әрекетке барғаны түсірілген бейнежазба тарады.

Бейнежазбаға сәйкес, оқиғаны байқап қалған бір топ жас ер адам кейін ер адамды соққыға жыққан. Видеоны нақты қай уақытта түсіргені белгісіз болған.

Алайда Абай облысы полиция департаменті оқиғаның 2023 жылы болғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша тараптардың бір-біріне ешқандай наразылығы жоқ және олар жазбаша арыз беруден бас тартқан.