Алакөлде 63 жастағы әйелді қағып өлтірген катер жүргізушісі ұсталды

0
95

Катер зейнеткер әйелді жағадан шамамен 200 метр қашықтықта қағып кеткен.


Алакөлде 63 жастағы әйелді қағып өлтірген катер жүргізушісі ұсталды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. 26 шілде күні Алакөлге отбасымен демалуға барған 63 жастағы Өскемен тұрғынын катер қағып кеткен. Әйел оқиға орнында көз жұмған, деп жазады stan.kz.

Катер зейнеткер әйелді жағадан шамамен 200 метр қашықтықта қағып кеткен. Оқиға күндіз, оның туыстары мен басқа демалушылардың көз алдында болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел жағажайдан алыстап, суда еркін жүзіп жүрген. Ешкім катердің оған қарай беттеп келе жатыр деп ойламаған.

Абай облысында әйелдің өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Катер жүргізушісі ұсталды.

Аталған факт бойынша су көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Катер жүргізушісіне 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

“Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ержан Тельжанов.