Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысының Алакөл жағалауында демалушылар жаппай төбелесті. Жанжал Ақши ауылындағы дәмхананың бірінде болған, деп жазады ҚазАқпарат.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға тамыздың 15-нен 16 қараған түні Алакөлде демалушылар көп келетін «Аура бар» деп аталатын жерде болған.
«Қазір аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы яғни, бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жанжалды шығарғандарды анықтау, іздеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, топтасып төбелесу фактісі бойынша куәгерлер не болмаса зардап шеккендер әзірге полицияға хабарласпады», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Полицияның ақпаратына сәйкес, дәмхана әкімшілігі бұзақыларға қатысты арыз жазған. Тергеу жүріп жатыр.