Алакөлде демалушылар мінген катамаран істен шықты

0
181

Судың ортасына жеткенде көлікті басқаратын тетік бұзылған.


Алакөлде демалушылар мінген катамаран істен шықты

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Су айдынының ортасында қалған адамдарды құтқаруға төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылар көмекке келді, деп жазады inbusiness.kz.

Құтқарушылар Абай облысы Мақаншы ауданы Алакөл көлінде патрульдеу кезінде жағалаудан 350 метр қашықтықта 6 адам отырған сынып қалған катамаранды байқайды. Жүзу құралына мінгендердің бәрі – жасөспірімдер.

Құтқарушылар оларға дер кезінде көмек көрсетіп, катамаранды сүйреп, жасөспірімдерді жағаға жеткізді. Демалушылар дін аман, ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ.

ТЖМ су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев туристік орындарда тәртіп орнатуды және кінәлілерді жазалауды тапсырды. Президент әкімшілігіне Алакөл маңындағы туристік аймақта демалушыларды қарсы алуға дайындық нашар екенін халық жеткізген. Осы шағым негізінде Үкіметке тапсырма берілді.