Туристер жағаға екі қайықпен шығарылды, ал олардың моторлы қайығы көлде қалды.
Алакөл көлінің жағасынан 40 шақырым жерде сегіз адам мінген қайықтың қозғалтқышы істен шығып, демалушылар өз бетінше жағаға орала алмаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар туристерге көмекке келді.
"ТЖМ қызметкерлері оларды өз қайықтарымен жағаға шығарып, құтқарды. Туристерге медициналық көмек қажет емес", - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылардың бірінің сөзінше, туристер жағаға екі қайықпен шығарылды, ал олардың моторлы қайығы көлде қалды.