Алатаудағы жер шетелдіктерге беріле ме? – Депутат жауабы

0
57

Жаңа мегаполис бизнес үшін бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер қарастырылған.


Алатаудағы жер шетелдіктерге беріле ме? – Депутат жауабы

ERNUR.KZ. Алатау қаласында шетелдік инвесторларға жер беру мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл сұраққа Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкіметтің кулуарда түсініктеме берді, деп жазады baq.kz.

Журналистер: "Жаңа қаладағы жер санатының «ауыл шаруашылығынан» «өнеркәсіптікке» ауысуы шетелдіктерге жер сатуға мүмкіндік бермей ме?" деген сұрақ қойды.

Депутат бұл жерде әңгіме жерді сату туралы емес, нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайында екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнама бойынша шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға және жалға беруге шектеу бар. Алайда жер индустриялық жоба үшін өнеркәсіптік аймақ санатына өткен жағдайда, бұл талаптар қолданылмайды.

Екі нәрсені шатастырмау керек. Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мен сатуға шектеу бар. Ал жер белгілі бір индустриялық жоба үшін өнеркәсіптік аймаққа ауысса, бұл шектеулер жүрмейді. Мысалы, бір зауытқа 20-30 сотық жердің өзі жеткілікті болуы мүмкін, – деді Азат Перуашев.

Осылайша, депутаттың сөзінше, Алатаудағы жер мәселесі инвестициялық жобалармен тікелей байланысты қарастырылады және ол ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты қолданыстағы шектеулерді айналып өту тетігі емес.