Алаяқтар KFC және Magnum желілері атынан қазақстандықтарды вирустық сайттарға сілтеп жатыр

0
669

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Magnum Cash&Carry компаниясы жариялаған сауалнамадан өтуге сілтемелер таралып жатыр.


Алаяқтар KFC және Magnum желілері атынан қазақстандықтарды вирустық сайттарға сілтеп жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда KFC жылдам тамақтану мейрамханалары мен Magnum супермаркеттері желісінің жалған сайттары пайда болды, деп жазады Stan.kz.

Интернет-ресурстар пайдаланушыларға сауалнама жүргізіп, ақша алуды немесе тегін өнімдердің ұтыс ойынына қатысуды ұсынады. Бұл ретте аталған компанияларда мұндай акцияларды өткізу жоспарланбағанын хабарлады.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Magnum Cash&Carry компаниясы жариялаған сауалнамадан өтуге сілтемелер таралып жатыр. Жауап үшін қазақстандықтарға супермаркеттер желісінің кез келген өніміне 30 000 теңгеге дейін жеңілдік купонын беруге уәде етілген. Аталған ақпаратқа қатысты компания ресми мәлімдеме жасады.


"Бұл хабарламалар анонимді сауалнамадан өткен кезде белгілі бір ақша сомасына купондарды тарату туралы хабарлайды.

Осы хабарламалардың барлығы сенімсіз және "Magnum Cash & Carry" ЖШС-нің қызметіне ешқандай қатысы жоқ екені туралы ескертеміз", - делінген компания хабарламасында.

Интернетте хакерлердің тағы бір заңсыз әрекеті ашылды. Олар KFC жылдам тамақтану мейрамханалар желісінен фирмалық тауықтың 3 000 порциясының ұтыс ойынына қатысуды ұсынған.

Хабарламада көрсетілген сілтеме пайдаланушыларды вирустық сайтқа жібереді.


"Бұл ақпараттық бюллетеннің бізге ешқандай қатысы жоқ. Оны елемеңіздер, өтінемін. Бұл спам", - деп мәлімдеді KFC Kazakhstan.


KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мамандары компьютерлерге антивирус-бағдарламаларды орнатуға және күмәнді мазмұндағы сайттарға өтпеуге кеңес береді.