Синоптиктер болжамы жарияланды.
Фото: pixabay
ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, солтүстік пен шығыста – күшті жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, сондай-ақ 12 шілдеде батысында жоғары қысым алабының ықпалымен күн ашық әрі ыстық болады.
Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі болжанады.
«Күндіз еліміздің батысында 35-39°С қатты ыстық, кей аудандарда өте қатты ыстық 40-42°С дейін жетеді. 12–13 шілдеде оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 39-44°С, ал 14 шілдеде 38-42°С күтіледі.
Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17-25°С-тан 15-23°С-қа дейін сәл төмендейді. Шығыста температура негізінен 22–30°С шамасында болады. Оңтүстікте 40-43°С аптап ыстық, ал оңтүстік-шығыста 35-38°С қатты ыстық болжанады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.