"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары Балқаш жағалауында жолбарысты табиғи ортаға қайтару бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Тұрғындар мен демалушыларға жабайы жануармен кездескен жағдайда сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді, деп жазады inbusiness.kz.
Мамандар өңір тұрғындарына жолбарысты табиғи ортаға қайтару бағдарламасының маңызы мен жануарлардың табиғи ортаға бейімделуі сондай-ақ оларды қорғау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ жабайы жануарлармен кездескен жағдайда сақтық шараларын сақтау, оларға жақындамау және мазаламау қажеттігі түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және адам мен жабайы табиғат арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.


