ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілерге берілген сыйлықтарды арнайы қорға өткізудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қызметшіні ескертпестен оның ұялы телефонына белгісіз біреудің атынан төлем түссе, онда бұл ақшаны арнайы қорға өткізудің тәртібі қандай?», - деген сауал қойылды. Өз кезегінде Алик Шпекбаев қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мемқызметшілерге сыйлықтарды, материалдық әрі материалдық емес сыйақыларды алуға тыйым салатынын еске салып өтті. Бұл талап орындалмаған жағдайда, сыйлықтың құнына қарай қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік ескерілген. Қылмыстық - 2 АЕК-тен жоғары; әкімшілік - 2 АЕК-ке дейін. «Ешбір ескертусіз мемлекеттік қызметшінің шотына түскен ақша, сондай-ақ тиісті функцияларды орындағаны үшін берілген қаржы анықталғаннан кейін, екі аптадан аспайтын мерзімде республикалық бюджетке аударылуы тиіс. Осы орайда аталған қаржының түсуі жағдайы туралы мемлекеттік кірістердің тиісті органына түсініктеме ұсынылуы керек», - деді А. Шпекбаев.