Әлия Назарбаева үшінші күйеуі Димаш Досановпен ажырасқаны туралы ақпарат тарады

0
175

Досанов 2022 жылғы оқиғаларға дейін "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры қызметін атқарған.


Әлия Назарбаева үшінші күйеуі Димаш Досановпен ажырасқаны туралы ақпарат тарады

Фото: biographe.ru

ERNUR.KZ. Қазақстанның экс-президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева үшінші күйеуі Димаш Досановпен ажырасты. Димаш Досанов 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалардан кейін "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры қызметінен босатылған еді, деп жазады stan.kz.

Nege.Aqsha хабарлауынша, Әлия Назарбаева бұрынғы күйеуі Димаш Досановпен соттасқан. Досанов 2022 жылғы оқиғаларға дейін "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры қызметін атқарған. Өткен жылы бұл жұптың ажырасқаны туралы хабар тараған еді. Ал Досановтың бұрынғы әйеліне қайтып барғаны туралы сыбыстар да шықты.

Басылымның дерегінше, соттың шешімі 2024 жылдың қараша айында заңды күшіне енген. Себебі жұп ажырасуға арыз берген және ортақ балаларының тұратын жерін анықтаған. Алайда басылым сот кабинетінде ажырасу туралы растау таппаған.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева бұрын Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтің ұлы Айдар Акаевпен (2020 жылы қайтыс болды) және футболшы, бизнесмен әрі "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамының басқарма мүшесі Данияр Хасеновпен тұрмыс құрған.

Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Ол АҚШ-тың Джорджтаун университетінен бизнес әкімшілігі (MBA) магистрі дәрежесіне ие.