Екінші орында Каир, ал ауасы ең лас қалалар қатарында үшінші болып Дели шаһары тұр.
Фото: mail.kz
ERNUR.KZ. IQAir халықаралық компаниясы жүргізген кешегі зерттеу нәтижесі бойынша Алматы антирейтинг көшін бастаған, деп жазады inbusiness.kz.
Зертеушілер Алматы ауасының 200-ден астам индекс бойынша ластанғанын анықтаған.
Qazaqstan.tv жазуынша, сарапшылар мұны денсаулыққа "өте қауіпті" деп бағалайды. Мамандар мұндай кезде терезелерді ашпауға, маска тағып жүруге, далада жаттығу жасамауға және ауаны тазалайтын құрылғы пайдалануға кеңес береді.
Айта кетейік, Алматы желтоқсан айының басында 12-орында болса, айдың аяғында 7-орынға тұрақтаған еді.
Экологтар ауаның ластануына бірінші кезекте автокөліктерден, жылу орталықтары мен кәсіпорындардан тарайтын зиянды қалдықтар себеп, деп отыр.
– Алматы қаласында миллионнан аса ағаш отырғызылды дейді. Бірақ миллион ағаш көрінбейді, – дейді эколог Әділ Нұрпейісов.