Алматылықтар мұндай құбылыстың қалада жиі көріне бермейтінін жарыса жазған.
ERNUR.KZ. Кеше Алматы аспанында ерекше құбылыс байқалды – күн батқанда бұлттар қызғылт түске оранды. Қала тұрғындары бұл көріністі камераға түсіріп алды, деп жазады Nur.kz.
Ерекше көріністің фотолары мен видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
Алматылықтар мұндай құбылыстың қалада жиі көріне бермейтінін жарыса жазды.
Әдетте мұндай уақытта аспан тап-таза болып немесе қою түтіннен көрінбей, тұмшаланып тұрады.
Ал басқалары оңтүстік астананың аспаны соңғы уақытта осындай ғажайып түске боялатынын алға тартты.
Кейбіреулері тіпті, коронавирус үшін барлығы үйде отырып бұл көріністі байқағанын, әдетте ешкімнің аспанға қарауға уақыты болмайтынын атап өтті.