Алматы көшесінде пышақ ұстап жүрген ер адам ауруханаға жатқызылды

0
84

Бұл жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған еді.


Алматы көшесінде пышақ ұстап жүрген ер адам ауруханаға жатқызылды

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Алматының Бостандық ауданында полицейлер көшеде пышақпен жүрген ер адамды ұстады, деп жазады inform.kz.

Бұл жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған еді. Желі қоладанушыларының бірі есепте тұратын азаматтың қолына пышақ ұстап көшеде жүретінін және аудан тұрғындарына қауіп төндіретінін жазған.
— Бүлдірген мүлкі үшін оған ештеңе де істемейді, бәрін өз есебімізден қалпына келтіріп жатырмыз. Ол қақпаларды, көліктерді қиратады, дөңгелектерді теседі. Оның қамқоршысы да жоқ, өйткені анасы бірнеше жыл бұрын өте күмәнді жағдайда хабар-ошарсыз кеткен. Қыста жылусыз, дұрыс күтімсіз өмір сүреді. Мемлекеттік органдардың назарын аудару үшін осы жазбаны белгілеулеріңізді сұраймын. Видеода ол жол жөндеп жатқан балаларға тап берген. Пышағын қалтасына жасырып жүргендіктен, оны бірден байқамай қалған, — дейді Бостандық ауданының тұрғыны.

Алматы қаласы полиция департаменті 30 тамызда «102» пультіне көшеде пышақ ұстап жүрген ер адам туралы хабарлама түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына дереу полиция экипажы жіберілген.

— Оқиға орнына жеткен қызметкерлер ақпаратты растап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ер адам ұсталып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Оның Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталып, кейін мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызылды, — деп хабарлады департаменттен.