Алматы маңында той кортежі отшашудың орнына оқ атқан - видео

0
876

Полицейлер оқиғаға қатысты қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады. Видео Whatsapp арқылы тарап кетті.


Алматы маңында той кортежі отшашудың орнына оқ атқан - видео

ERNUR.KZ. Алматы маңында той кортежі салюттің орнына оқ атты, деп жазады sputnik.kz.



Видео Whatsapp мессенджерінде тарап жатыр. Мемлекеттік нөмірі жоқ көліктер қала көшелерінің бірінде келе жатады.

Mercedes көлігінде отырған бір ер адам терезеден шамалы шығып, аспанға оқ атады.

Бұл видео 23 қазанда Қарасай ауданы Қасекелең қаласында түсірілгені белгілі болды. Полиция той ұйымдастырушылары мен оқ атқан адамды анықтады. Оған қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды.

"Тексеру шаралары кезінде үйлену кортежі Қаскелең қаласында Абылай хан көшесімен өткені анықталды. ОҚТЫ 25 жастағы жергілікті тұрғын атқан. Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігіне сәйкес ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай - ақ, Mercedes айыппұл тұрағына жіберіліп, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство кортеждің қалған қатысушыларын анықтап жатыр. Олар қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.