Алматы метросы жарты күнде 40 мыңға жуық жолаушы тасымалдады

0
62

Оқу жылының басталуына байланысты метро жұмысы күшейтілген режимде ұйымдастырылды.


Алматы метросы жарты күнде 40 мыңға жуық жолаушы тасымалдады

фото: Пресс-служба акима Алматы

ERNUR.KZ. Алматы метросы 1 қыркүйекте түске дейін 40 мыңға жуық жолаушы тасымалдады, деп жазады sputnik.kz.
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде Алматы метросында жолаушылар ағыны артты.
"1 қыркүйек күні сағат 06:20-дан 14:00-ге дейін 40 мыңға жуық жолаушы тасымалданды", – деп хабарлады әкімдік.
Оқу жылының басталуына байланысты метро жұмысы күшейтілген режимде ұйымдастырылды. Таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздар арасындағы аралық 3 минут 27 секундқа дейін қысқартылды.