Алматы метросындағы жолаушының өлімі: "Метрополитен" КМК түсінік берді

0
207

Жолаушы перронға құлап кеткен.


Алматы метросындағы жолаушының өлімі:

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 10 желтоқсанда Алматы метросында ер адам қаза тапты. Абай стансасындағы қайғылы оқиғаға қатысты "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі түсінік берді, деп жазады zakon.kz.

Кәсіпорынның хабарлауынша, жолаушы перронға сағат 15:41-де құлап кеткен.

"Станция кезекшісі мен жүргізушінің жедел әрекет етуінің арқасында қозғалыс тоқтатылып, жолаушы перронға шығарылды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жеткенімен, өкінішке қарай, ер адамды құтқарып қала алмады.

Сондай-ақ метроның қалыпты режимде жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

"Дегенмен полиция қызметкерлерінің тергеуі аяқталғанша Абай стансасына кіру уақытша жабылып, пойыздар көрсетілген бекетке уақытша тоқтамайды", - деп хабарлады Метрополитен баспасөз қызметі.