Өзара ерегіскен қонақтар сыртқа шығып тынышталғандай болады. Алайда жанжалдасып қалған топ тарамапты.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөз
ERNUR.KZ. Алматы облысында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды. Қонақтар арасында қып-қызыл төбелестен 3 адам ауыр жараланған. Оларға пышақ ала жүгірген күдіктіні тәртіп сақшылары көп ұзамай қолға түсірді, деп жазады ktk.kz.
Тойдағы төбелес таспаға түсіп қалған. Өзара ерегіскен қонақтар сыртқа шығып тынышталғандай болады. Алайда жанжалдасып қалған топ тарамапты. Қып-қызыл төбелес мейрамхананың көлік тұрағында жалғасқан. Ақыры пышақ ала шыққан қонақтың бірі ерегісіп тұрған топқа қарай тап береді. Соның салдарынан 3 адам ауыр жарақаттанған.
"Біреуінің халі нашар", - дейді дәрігерлер. Пышақ оның өкпесіне тиген екен.
"Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған күдікті кәмелеттік жасқа толмаған кезінде де осы тәріздес қылмыспен құқық қорғау органдарының көзіне түсіп сотты болған", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.