Алматы облысында 21 адам мінген автобус лайға батып қалды

0
108

Құтқарушылар оларды Сарыжаз ауылына жеткізді.


Алматы облысында 21 адам мінген автобус лайға батып қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысында құтқарушылар лайға батып қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады, деп жазады sputnik.kz.

"Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылынан 45 шақырым жерде лайға батып қалған автобустан ТЖМ қызметкерлері 21 адамды эвакуациялап, Сарыжаз ауылына жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.
Төтенше жағдайлар министрлігі таулы және шалғай аймақтарға шыққанда ауа райы мен жол жағдайын ескеру қажеттігін ескертті.