Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен болатын.
ERNUR.KZ. 22 шілдеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полицейлеріне адамның сүйегі табылғаны туралы хабарланды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
"Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып өткізіліп жатыр", - деп жазды ол.
Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен болатын.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.