Рамиль алданған қыздардан барлығы 10 млн теңгедей ақша алған.
ERNUR.KZ. Балаларының әкелері ортақ бес келіншек те жігіттің қазір қайда екенін білмейді, деп жазадыStan.kz. "Время" сайтына сілтеме жасап.
Әнел Оразбаева Амир есімді жігітпен көлікте танысады. Оны жол бойы үйіне жеткізіп тастаған жігіт екеуі кездесіп жүреді. Қыз-жігіт болып араласқан соң жігіт оның ұл туып беруін сұрайды. Үйленетін айтып сендіреді. Әнелдің оған дейін бір қызы болған. Енді Амирден бала көтереді.
Амир қымбат көлікпен жүріп, қымбат киім кигендіктен Әнел оған барынша сенген. Өзі де жақсы ақша табатын. Амир бірде әлдекімді көлікпен қағып кеткенін айтып ақша сұрайды. Бастапқыда 60 мың, кейін 300 мың теңге береді. Осыдан соң Амир өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын айтып, Түркияда емделуге ақша сұрайды. Әнел ойланбастан несие алып ақшасын береді. Осылайша барлығы 4 млн теңгеден астам ақша берген.
Бір күні Әнел сүйіктісінің есімі Рамиль Байрамов екенін, Марина есімді әйелі, екі қызы бар екенін біледі. Ал, оған алданған өзі секілді тағы 4 қыз болған. Есік қаласында тағы бір Әнел есімді қыз, Боралдайдан Юлия, Шымкенттен Лаура, тағы да Руфина есімді қыз алданғанын айтқан.
Есік қаласының қызы Рамильге бала туып беріп, 750 мың теңгені қолына ұстатқан. Ал, Юлия 500 мың теңге берген. Ол да балалы болды. Лаура 2 млн теңге берді. Бірақ балалы болған жоқ.
Рамиль алданған қыздардан барлығы 10 млн теңгедей ақша алған. Оған Маринадан өзгенің бәрі арыз жазды. Марина Рамильдің жылап тұрып кешірім сұрағанын айтады. Оның үстіне әйелі ретінде заңды тіркелп, екі қызын өз атына жазғандықтан арыз жазбайтынын айтты.
Қазір Рамиль іздеуде. Оның тіркелген, тұрып жатқан мекен-жайы жоқ.