Алматы облысында америкалық питбультерьер қылмыс нысанына айналды

0
932

Бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін ұсталған азаматқа ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды.


Алматы облысында америкалық питбультерьер қылмыс нысанына айналды

ERNUR.KZ. Қаскүнем асыл тұқымды итті үлкен ақшаға сату үшін танысынан ұрлап әкеткен, деп жазады zakon.kz.

"Питбуль Талдықорған маңындағы саяжайлар бірінің 35 жастағы тұрғынының қылмыс нысанына айналды. Танысының үйіне қонаққа келген ер адам, аулада еркін жүрген итті көріп, оны ұрлауға шешім қабылдаған. Өзінің олжасын үйіне әкелмек болған ол жолай өзенге шомылады. Осылайша С. есімді азамат жануардан көз жазған. Ит белгісіз бағытта қашып кеткен. Дәл осы уақытта полицияға төрт аяқтының шынайы қожайындары ресми түрде арызданып, ұрыны жауапқа тартуларын сұраған. Сонымен қатар, жәбірленушілер өз күдіктерімен де бөліскен", - дейді Талдықорған қаласы ПБ Батыс қалалық полиция бөлімінің бастығы Айдын Аденбаев.

Талдықорған қаласы ПБ Батыс полиция бөлімінің жедел уәкілдері барлық іргелес жатқан жерлерде орналасқан барлық бейнебақылау камераларын тексеріп, күдіктіні анықтады. Нәтижесінде " ізі суымай " күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Америкалық питбультерьердің іздеу жұмыстары әлі де жүргізілуде. Ал бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін ұсталған азаматқа ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды.