Алматы облысында ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

0
470

Баланы Жетіген – Алматы тасжолында келе жатқан Toyota Camry көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қағып кеткен.


Алматы облысында ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

ERNUR.KZ. Алматы облысының Талғар ауданындағы Жаңалық ауылында жаяу жолдан өтіп бара жатқан 10 жасар баланы көлік қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Жол апаты салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
Баланы Жетіген – Алматы тасжолында келе жатқан Toyota Camry көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қағып кеткен.
Ашынған жергілікті тұрғындар тасжолды жауып тастады, бұл туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Алматы облысының полициясы Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.