Алматы облысында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды

0
540

Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған.


Алматы облысында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Полицияның ақпаратына сәйкес, баланың мүрдесі Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған. Бала алдын ала болжам бойынша, 4-5 жаста. Бойы - 90-100 см.

Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Болжам бойынша, ол қыз бала болуы мүмкін. Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген.

«Баланың өлі денесі қоқыстан табылғанын растаймын. Сарқан аудандық полициясына бала жоғалды деген шағым түспеген. Бұл іспен полиция айналасып жатыр»,- делінген Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің жауабында.