Алматы облысында бүтін бір отбасы уланып қалды: қаза тапқандар бар

0
1 004

Алты тұрғын ауруханаға жеткізілген, арасында 1 жастағы нәресте мен 6 жастағы бала бар


Алматы облысында бүтін бір отбасы уланып қалды: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Алматы облысында бір отбасында 7 адам иіс газынан уланып, 57 жастағы ер адам көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

"2 наурыз күні Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы жер үйде пештің дұрыс жанбауынан 7 адамға иіс тиіп, уланып қалған. Олардың арасында 2013 және 2018 жылы туған балалар бар", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем көлігінде 1962 жылы туған ер адам көз жұмған. Төтенше оқиғадан зардап шеккен қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, тұрғындардың иіс газынан уланып қалуының басты себебі - мұржаның күлге толып, бітеліп қалуы.