Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт дала әжетханасына құлап, улы газға тұншығып мерт болды. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды, деп жазады inform.kz.
— Назар аударыңыз! Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз, — деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.